27. декабря 2011 · Комментарии к записи Региондық кадр потенциалын басқару отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент

ЖОСПАР
Кіріспе
1- тарау. Кадрлар потенциалы (әлуеті)
1.2 Кадрлар потенциалын ұдайы толықтыру
1.3 Кадрлар потенциалының тиімділігі

2-тарау. Кадрлар потенциалын дамыту тұжырымдамасы (концепцияcы)
2.1. Кадрлар потенциалын дамытуға деген концептуальды көзқарастың қажеттілігін негіздеу. Кадрлар даярлауды жоспарлау
2.2. Тұжырымдаманың міндеттері мен мақсаттары
2.3. Мемлекеттік және муниципальдық қызметшілермен жұмыс жүргізудің негізгі принциптері

3-тарау. Басшы кадрларды іздестіру және іріктеп алу
3.1. Персоналды басқарудың жалпы жүйесіндегі кадрларды іздестіру және іріктеп алудың алатын орны ерекше
3.2. Осы заманғы кадрларды іздестірудің және іріктеудің ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұл тақырыптың көкейкестілігі сол, аймақтың экономикасын құрымдық қайта құру басқарудың тиімді тетігін, оның кадрлар әлуетін, территориялық (аймақтық) құрылымдарды кадрлармен қамтамасыз етудің ғылыми әдістерін жасамайынша мүмкін емес. Сонымен қатар зерттеудің көкейкестілігі сол елде жүргізіліп жатқан реформалардағы ауыртпалықтың басқару мен биліктің региондық органдарына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару орындарына түсетіндігімен анықталады. Бұлар негізінен:
— спецификалық жеке кадрлар саясатынан;

-басқарушылар санының өсуіне байланысты оларды даярлауға және ұстауға жұмсалған шығындар мен олардың қызметінің ақырғы әлеуметтік – экономикалық нәтижелері арасындағы өсіп отырған қарама-қайшылықтарда;
жүргізіліп жатқан реформалардың міндеттері, мақсаттары мен кадрлар ресурстарын пайдалану дәрежесі арасындағы күшейіп отырған диспропорциялардан;
— кадрлардың кәсіби – біліктілік динамикасы мен басқару жүйесінің жаңа функциялары арасындағы сәйкес келмеушіліктерден;
аймақтың кадрлар потенциалының едәуір дәрежеде қажет болмауынан байқалады.
Муниципальдық кадрлардың кәсіби деңгейінің төмен болуы жағдайында муниципальдық құрылым мамандарын ұдайы толықтырудың әлеуметтік – экономикалық механизмдерін теориялық жағынан негіздеу айырықша маңызға ие.
Аталған проблеманы ғылыми түзудің дәрежесі. Аймақтың кадрлар әлуетін басқару проблемасы дисциплинар аралық сипатқа ие, бұл мәселені экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық және басқа факторларды ескере отырып, шешу қажет әлбетте, бұл проблема ғылымның назарынан тыс қалмаған, ғылыми мектептер құрылған олар, әр түрлі тұжырмамандар даярлау жолға қойылған.
Сонымен қатар тиісінше ғылыми әдебиетті кешенді талдау мынаны көрсетеді, аймақтың кадрлар әлуетін басқару проблемаларына оны дамыту перспективаларына, тәжірибесіне, тұжырымдамасына, аймақтарды кадрлармен қамтамасыз етудің бюджеттен тыс қаржы көздерін құруға, басты кадрларды іздестіру және іріктеу жүйесіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Аймақтың кадрлар әлуетін басқарудың тиімді жүйесін құру, оның әдістемесін жасау атымен жоқ сапасы тиісті проблемаларды шешудің саны мен сапасы тиісті проблемаларды шешудің өзектілігі мен өткірлігіне сай келмейді.

 Реферат / 14 бет


Comments closed.