Жоспар:
1. Кіріспе
2. Нақты бір фирма мысалында маркетингтік ортасын талдау. Макроорта.
3. Микроорта факторлары.
4. Медиаорта факторлары.
5. Қорытынды.

Кіріспе

Қазіргі заман: «еңбек бөлінісі, белгілі бір міндеттердің атқарылуы және иерархиялық құрылым принциптеріне негізделген қандай да болмасын мақсатқа жету немесе мәселелрді шешу үшін біріккен топтар мен адамдардың жиынтығын » көрсететін әр түрлі ұйымдар әлемі деп қарастырылады. Ұйымдар адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан, әрбір ұйымның өзіндік қолдану аясы, ерекшеліктері, өлшемдері және т.б. болады. Жаңа замандағы рыноктық экономикаға сай ұйымдар өз қалауынша стратегия, мақсат құрып, өзіндік саяси даму бағытын таңдай алады. Бірақ тәуелсіз бола отырып, әрбір ұйым сонымен қоса үлкен, динамикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Ол жүйе –кәсіпорынның маркетингтік ортасы.

Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетинтік орта үнемі өзгеріп отыратын, белгісіздікке толы ұғым болғандықтан ол фирманың өмірінде өте маңызды орын алады. Маркетингтік орта факторлары «басқаруға келмейтін» күштер болғандықтан, фирма оларды анықтап, зерттеп соған байланысты маркетингтік стратегия құрастыру қажет.

Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:

  • Макроорта
  • Микроорта
  • Медиаорта

  Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.