27. декабря 2011 · Комментарии к записи Менеджмент эволюциясы отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент

Жоспар

1 Кіріспе. Менеджменттің қалыптасуы.
2 Ғылыми менеджмент мектептері
2.1 Классикалық үлгідегі мектеп
2.2 Қарым- қатынас және мінез- құлық мектептері
2.3 Басқару үлгідегі мектеп
2.4 Процестік әдіс
2.5. Жүйелі әдіс
2.6 Ситуациялық әдіс
3 Қорытынды

      Менеджмент тарихы бірнеше мың жылдықтардан құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік экономикалық қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз тәжірибелердің жинақталуына байланысты дамыған.

Менеджменттің бастауы болып ерте замандағы Шумерде жазудың пайда болуымен байланыстырады. Бұның негізгі революциялық жетістігі саудамен айналысатын жоғарғы қабаттағы «көсем кәсіпкерлерді» білімге алып келді. Алғаш басқарушылық революциясы діни коммерциялық атқа ие болды. Сөйтіп осының арқасында басқалары қалыптасты.

Екіншісі б.з.д 1760 жылдардағы әр түрлі әлеуметтік топтар тұрғындарының  көптүрлі қоғамдық қатынастарын реттеуде мемлекетті басқарудың заңдар негізін ұстанған Хаммурапи ханның атымен байланыстырылды.

Үшіншісі мемлекеттік басқару әдістерін өндіріс және құрылысты басқаруды реттеуге байланыстыруға бағыттаған Навуходоносор ІІ есімімен байланысты.

Төртіншісі ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Европадағы өндірістің дамуымен және каптиализмнің тууымен байланыстырылған. Бұл кезеңде өндірістің пайдасы мен дамуына басым көңіл аудару басқару қызығушылығын арттырды.

Басқару мәселелерінде жеке білім аумағын енгізу көптеген өндірістерді бәсекелестікке алып келіп, ауқымды өнер кәсіптердің пайда болуына ықпал етті.

Бесіншісі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жиі бюрократиялық деп аталатын басқару революциясына жатқызылады. Басқару аумағының теориялық негізін бюрократиялық концепция қайта құру арқылы басқарудың ірі иерархиялық құрылымын қалыптастырып, еңбек бөлінісін іске асырып, өлшемдер мен стандарттар енгізіп, жауапкершілік пен қызметтік міндеттемелерін қалыптастырды.

  Реферат / 9 бет


Comments closed.