Банкілік және есеп айырысу операцияларының ревизиясы

Мемлекеттік ұйымдардағы банкілік операциялар алғашқы құжат пен екінші деңгейлі банкілердің көшірмелері бойынша қазынашылық органда (әрі қарай банк) әрбір ашылған шот тұтастай әдіспен тексеріледі.

Бақылау жүргізу үдерісінде зерттеу қажеттілері:

1. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу тәрітібін сақтау;

  1. Екінші деңгейлі банкілерде ашылған бақылау объектілерінің есеп шоттарындағы операциялардың нақтылығы, заңдылығы, шоттардың ашылуы мен жабылуының дұрыстығы.
  2. Банкілік көшірмелер бойынша мәліметтердің сәйкестілігі және бухгалтерлік есеп айырысу операцияларында бейнеленуі. Бұл жерде банкілік есеп шоттар көшірмелерінің түпнұсқалылығына және толықтығына көз жеткізу керек, оларда банкілік қызметкерлердің қолдары мен басқа да деректемелердің, мөртаңбалардың болуын тексеру.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 шілде 2002 ж. №832 Қаулысына сәйкес, демеушілік және қайрымдылық көмектер бойынша, есепшот жоспарларын жүргізу бойын­ша, ақылы қызметтер бойынша есепшоттарды қалыптастыру тәртібін сақтаудың дұрыстығы.
  4. Мемлекеттік мекемелер қаржыларынан және демеушілік пен қайырымдылық көмектер есепшотынан, ақылы қызметтерді жүзеге асырудан алынатын қаржылардың ағымдағы есепшоттарына аударылымдар жағдайы жоқ екендігін.
  5. Негізделмеген аударылымдардың жоқ екендігін, тауарсыз акцепттің жіберілмегендігін, шотта «жолдағы ақша қаражаты» ақшаның тұрған жері белгісіз жетіспей жасырынуы жоқ екендігі.
  6. Басқа ұйымдарға көрсетілмеген қызмет, алынбаған материалдық құндылықтар және осы қаржылардың келесі тоқсан, жыл басында қайтарылуы үшін ақша қаражаттардьщ аударылуы болмағандығы.
  7. Кімнен және қандай көлемде тегін акша қаражаттарының келу фактілері бар ма және олар қалай қолданылғанын.
  8. Бюджет қаржыларын қойылмаған мақсатта пайдалану. Мұндай фактілерді анықтағанда білім механизмін жете жарықтандыру және кімнің кінәсі бар екенін көрсету ке­рек (бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларының төлем құжаттарын фальсификациялау, қазынашылық жұмысшыларының немқұрайлығы және т.б.).

10.    Бухгалтерлік есепте аудару операцияларының өз уақтылы көрсетілуі.

11. Бас кітап және баланспен есептеу мәліметтері бойын­ша ақша қаражаттарының қалдықтарын теңестіру.

12. Жабдықтаушылармен операция бойынша есеп мәліметінің банк көшірмесімен сәйкес келуі, бір смета арналымынан ақша қаражаттың апарылуы дұрыс емес және олардың басқа смета арналымына ақша қаражаттардың шығыстары мен жабдықтарын жабу мақсатында жағдайлар болмағанын.

13. Жыл басында төлем кезеңі бойынша жоспарға қатысты бюджет ақшаларын қайта шығыстау фактілерінің бар болуы.

14. Есептеме жағдайына ревизия жүргізгенде, есеп айы­рысу тәртібінің сақталуын, кредиторлық және дебиторлық борышпен байланысты операциялардың нақтылығы мен негізделуі дебиторлық борыштың дұрыс жазылуы және өткен жылдардағы кредиторлық борышын дұрыс өтелуін анықтау қажет.

15. Есеп айырысу ревизиясы аналитикалық есеп мәліметтері және есеп балансы мен алғашқы құжаттар, мекеменің экономикалық жіктелім ерекшелігі бойынша жүргізілуі қажет.

Контрагенттермен есеп айырысу ревизиясында тексеру қажет:

1)бухгалтерлік есепте дебиторлық және кредиторлық міндеттемелер нақты қалдықтары теңестіріліп көрсетілуі;

2) кредиторлық және дебиторлық міндеттемелердің пайда болу мерзімі мен себебі;

3) бұрынғы мерзімі біткен кредиторлық және дебиторлық міндеттемелер сомасы;

4) тауарлы-материалды құңдылықтардың ұрлау және жетіспеушілігі туралы іс бойынша сомалары;

5) дебиторлық берешектің сальдо жолымен кредиторлық берешекпен жабылуы баланстың басқа шоттарына аударылуы, негізделмеген шығарулар және т.б. жіберулер жоқ па;

6)дебиторлар кредиторлармен өзара есеп айырысу салыстырулары жүреді ме және олардың өтелуі бойынша алынған қарыз сомалары, шаралар туралы растаулардың бар болуы;

 Реферат / 15 бет


You must be logged in to leave a reply.