27. декабря 2011 · Комментарии к записи Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмысын қадағалау отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент

Кіріспе

Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» — «өлшемдер туралы ілім».

Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәкестендіруге мүмкіндік береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін  қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғырлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.

 Реферат / 6 бет


Comments closed.