27. декабря 2011 · Комментарии к записи Маркетинг жайлы жалпы түсінік отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент

Жоспар:

Кіріспе 3
Маркетинг жайлы жалпы түсінік 3
Маркетингтің принциптері, атқаратын қызметтері және оның концепциясы. 5
Сұраным сипаттары және маркетинг міндеттері мен типтері 9
Маркетингтің түрлері. 12

Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер: 18

Кіріспе

Маркетинг — (ағылшынша-нарықты жасау) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқыда маркетингті — өткізуді ұйымдастыру әдісі деп қаралды. Дегенмен маркетинг тек қана тауарларды өткізумен шектелмейді. Маркетинг өзінің даму барысында бүтін ғылымға, ,,бизнестің өзегіне,, айналды. Қазіргі таңда маркетинг бәсекенің стратегиясы мен тактикасын сатып алушыларды өзіне тарту тәсілін, нарықты билеу әдістерін жасайтын, көзделген пайда деңгейін қамтамасыз ететін, нарық және бағаларға белсенді бақылау орнататын жан-жақты ғылым және іс-әрекет саласы болып табылады. Сонымен бірге, оның маңызды міндеті — өндірісті дұрыс бағдарлау үшін нарықты терең зерттеу.

Бұған әдетте, тұтынушылар сұранымның құрылымын құрайтын географиялық, демографиялық әлеуметтік-психологиялық және басқа да факторларды бөлек-бөлек есепке ала отырып, нарықтың сиымдылығын анықтау кіреді. Бұндай ақпар, әрбір тұтынушылар тобының ерекшеліктерін талдау және олардың талаптарын ескере отырып бұйымдардың номенклатурасын жасау үшін қажет. Маркетингті әрекет ету саласына, сонымен қатар, бәсекелестердің бағыт-бағдарын, мақсатын қадағалап отыруда жатады.

  Реферат / 18 бет


Comments closed.