30. декабря 2011 · Комментарии к записи Іскерлік нарықтағы маркетинг отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент

Іскерлік нарықта тауарлар мен қызметтерді басқа тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданып,  оны сатып, жалға беретін, басқа сатып алушыларға ұсынатын компаниялар құрайды. Іскерлік нарықтың негізгі салаларына мыналар : ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, банктік, қаржылық және сақтандыру ісі, дистрибуция және қызмет сферасы. Іскерлік нарыққа тән сипаттамалар:

-сатып алушылар саны аз, бірақ олар неғұрлым ірі;

-жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас тығыз;

-сатып алулар кәсіби тұрғыда болады;

-сатып алу туралы шешім қабылдауға ықпал етушілердің саны көп;

-сауда өкілдерімен бірнеше рет қарым-қатынас жасалады;

-сұраныс туынды сипатта;

-сұраныстың бағалық икемділігі төмен;

-сатып алушылардың географиялық шоғырлануы;

-сатып алу көбінесе тікелей жүргізіледі

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар шикізат және жартылай өңделген өнімдерден бастап, құрал-жабдықтар, станоктар, бөлшектер, аспаптар сияқты өңдеуші өнеркәсіптің әр түрлі салаларында өндірілетін өнімдердің кең ассортиментін қамтиды.

 Реферат / 7 бет


Comments closed.