Жоспар

  1. Операциялық жүйе түсінігі (ОЖ). Операциялық жүйенің атқаратын функциялары.
  2.  ОЖ-ның жіктелуі.
  3. Windows операциялық жүйелері.
  4. Windows обьектілі-бағытталған платформасы.
  5. Берілгендермен алмасуды ұйымдастыру.
  6. Windows программалық жабдықтары.
  7. Windows Commander  программасы.
  8. Windows Commander – Windows ОЖ-де жұмыс жасау құралы.
  9. Windows Commander-де пернелер комбинацияларын қолдану

Операциялық жүйе түсінігі. ОЖ атқаратын функциялары

Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге,  ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

1)    Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

2)    Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны  іске қосу, қажетті              жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

реферат / 11 бет


You must be logged in to leave a reply.