Өндіріс факторларының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өндірістік фунцияны сипаттайды. Өндірістік функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық төуелділікті керсетеді.Осыны изокванта сипаттайды — өндіріс факторларының бір көлемді өнім шығару үшін бір бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары кетере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны, тауарлардың көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолдануға болады. Егер өңдіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын енбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік функцияны былайша жазып көрсетуге болады:

Q = F(L, К, N),

бұнда Q — берілген технологияда және еңбектің L, капиталдың К, жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі. Әр түрлі өндіріс түрлерінің өндірістік функциясы өзгеше болса да, олардың барлығының ортақ қасиеттері бар.

Бірініші. Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.

реферат / 6 бет


You must be logged in to leave a reply.