Мазмұны

1. Интернет туралы ұғым
2. Интернеттiң негiзгi қосымшалары
3. Көру жабдықтары. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Аќпараттарды саќтау жєне белгі жасау
4. Адрестiк жүйе
5. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері
6. Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар
7. Құжаттарды электронды турде жеткізу (ЭДД), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру. Мәліметтер базасы (МБ)
8. Бақылау сұрақтары
9. Практикалық жаттығулар
10. Глоссарий .
11. Әдебиеттер тізімі

Интернет туралы ұғым.

Жиырмасыншы ғасырдың  аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының  әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында  Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет  еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл  ағылшынның   халықаралық  желі  деген  сөзі.

1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW  немесе  Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат  таба  алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың   айнымас  құралына  айналып  келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын  мәнінде  адамзаттың  әлемдік қазынасы болып табылады.

TCP/IP – Интернет желісіне ќосылѓан компьютерлер арасында аќпарат алмасуды ќамтамасыз ететін мєліметтерді бір ж‰йеге келтіру ережелері немесе оларды ќ±растыру хаттамасы.

IP (Internet Protocol) – мєліметтерді оны алушыныњ адресі кµрсетілген шаѓын таќырыптары бар бірнеше бµліктерге  немесе дестелерге бµлетін желіаралыќ хаттама

TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жµнелту ісін басќаратын хаттама, ол жілідегі аќпарат дестелерін д±рыс жеткізу ‰шін жауапты болып саналады

реферат / 13 бет


You must be logged in to leave a reply.