Компьютер – ол деректерді құруды, сақтауды және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал.

«Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.

   ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:

  1. ЭЕМ жадының құрылысы,
  2. жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы,
  3. компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі,
  4. командалар жүйесі,
  5. деректер форматы,
  6. интерфейсті ұйымдастыру.

Сонымен архитектура – ол ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруды және оның негізгі функционалды түйіндерінің бір-бірімен келіскен әрекетін іске асыратын ЭЕМ құрудың жалпы принципі.

60-ж. ортасынан бастап есептеуіш машиналарды жасау үшін,  аппараттарды және математикалық қамтамасыздандырудың кейбір құралдарын тәуелсіз  құрастырудың орнына, аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) құралдардан тұратын жүйе жобалана бастады. Мұнда алдыңғы жоспарға олардың өзара әрекеттестік концепциясы қойылды. Осылай жаңа түсінік – ЭЕМ архитектурасы – пайда болды.

реферат / 20 бет


You must be logged in to leave a reply.