Жоспары:
Кіріспе
1-тарау. Active inspire программасы туралы алғашқы түсініктер.
1.1 ХХІ ғасыр бұл ақпараттық қоғам дәуірі.
1.2 Интерактивті технология туралы жалпы мағлұмат.
1.3 Active inspire программасы.
2-тарау. Программасын қолдана отырып, информатика пәнінен көрнекіліктер жасау.
Қорытынды
Әдебиеттер
Қосымша

                                                 Кіріспе

Жұмыстың ғылыми өзектелігі: Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»деп атап көрсетті.ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында  оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. ActivInspire − заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы. Сыныпта пайдалануға арналған бағдарлама оқытушыларға интерактивті тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.Сан алуан арнайы әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасауға және оқуды бағалау тапсырмаларын оқушылармен, топтармен және барлық сыныппен қолдануға мүмкіндік береді.Әрбір жасқа бөлек интерфейсі бар ActivInspire бағдарламасы оқытушыларға Promethean Planet торабында қол жетімді қосымша қор көздер дүниесімен оқыту әрекеттері, құралдары, кескіндері, дыбыстары мен үлгілерінің сан алуан түрлеріне қатынасу мүмкіндігін береді.

    Ғылыми жұмыстың мақсаты: Active  inspire программасы        туралы мағлұмат алу  ,оны түсініп ой елегінен өткізу , алған білімінді тәжірибеден өткізу . 

            Ғылыми жұмыстың міндеттері:

  •  Active  inspire программасы туралы іздену ;
  • Active  inspire программасын теориялық жағынан ұғыну;
  • Active  inspire программасын практикалық жағынан қолдануды үйрену.
 Реферат / 14 бет

You must be logged in to leave a reply.