Жоспар

Кіріспе——— 3

І ХІХ ғасырдағы Қытайдың әлеуметтік жағдайы

1.1. Батыс державаларының келу қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік құрылымы—— 4
2.1. Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин империясына қарсы азаттық күресі—- 6

ІІ ХІХ ғ. ІІ жартысы- ХХ ғ. басындағы қоғамдық ой- сана

2.1. Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған реформалары——- 7
2.2. Синьхай революциясынан кейінгі Қытайдың қоғамдық құрылымы———- 12

Қорытынды————15

Кіріспе

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қытайдың әлеуметттік құрылымы бірнеше  кезеңдерден өту нәтижесінде біршама өзгеріске ұшырайды.  Әлеуметтік құрылымның өзгеруіне мемлекеттік саяси оқиғалар мен  экономикалық даму ықпал  етті.

ХVІІІ ғасырдың аяғы мен  ХІХ ғасырдың басына қарай қытайлықтар дәстүрлі қоғамдық, ауылдық өмір сүрді. Бірақ ХІХ ғасырдың  ортасына қарай Батыс Еуропа мемлекеттерінің Қытаймен , алғашында , сауда жасасып, кейіннен  рухани мәдениетті енгізу Қытай үшін қауіпті болды.  Қытай батыстың цивилизациясын қажет еткен жоқ, себебі  бұл елдің ұлттық құндылықтарына қарама қайшы келді.  Біріншіден, күміс ақша төлеуден жалыққан Ұлыбритания Қытай жеріне апиынды кіргізіп, жергілікті халыққа таратып, улай бастайды. Екіншіден, христиан миссионерлері христиан діні жөнінде агитация жүргізе бастайды. Ал Қытай үшін тек үш қасиетті ілім- конфуцилік, буддизм, даосизм  ғана болды.  Үшіншіден, Еуропа державалары өзіне көнбеген елде соғыс жүргізіп, талай соғыстарды жеңген соң, өз саясаттарын жүргізді.  Соғыс нәтижелерінде Қытай жеңілістерге ұшырап,  жартылай тәуелді мемлекетке айналады. Бұл жеңілістер  Қытай халқы үшін  ұят, намысқа тиетін соққы болады.  Сондықтан да қытай халқы шетел азаматтарына  ғана емес, билікте отырған Цин империясына дүркін- дүркін  қозғалыстар, ұлт- азаттық көтерілістер жүргізеді. Бұл, ішкі саясатта болған оқиғалар, қоғамдық сана- ойға мықты әсер береді. Сондықтан да мемлекеттің әр тап өкілдерінен ойшылдар, реформаторлар шыға бастайды. Олардың қатарына ұлы Сунь Ятсен , Кан Ювэй,  Тань Сытун, Лян Цичао және тағы да басқалары кіреді.

Қытай тарихында маңызды және қорытындылаушы төңкеріс 1911-1913  жылдары Синьхай төңкерісі атымен белгілі.   Нәтижесінде  Цин империясы құлатылып, тәуелсіз Қытай Республикасы орнайды. Сәйкесінше елдің ендігі экономикасы көтеріле түсіп, ол әлеуметтік құрылымға жаңартулар енгізеді.

 Қазақша реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.