Жоспары
Кіріспе 2
Дана философ Конфуций 3
Конфуций ілімінің бастауы 8
Құнфудзыщылдық дін бе, әлде философиялық жүйе ме? 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін  б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде  кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге  ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.

Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.

Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.

Конфуций Қытайдағы  білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей  құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.

Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, дұрыс тәртіп, әтикет этолондарына негіздеді.

 Реферат / 16 бет


You must be logged in to leave a reply.