04. января 2012 · Комментарии к записи Жартылай өткізгішті диод отключены · Categories: Электротехника

Жартылай өткізгішті диод

Жұмыстың мақсаты:

1) Жартылай өткізгішті диодтың құрылысы және жұмыс істеу принціпімен танысу;

2) диодтың тікелей волть-ампер сипаттамасын алу.

Iтік=f`(Uтік)       тікелей

Iкері=f`(Uкері)    кері                  волть-ампер сипаттамасы

Қысқаша теориялық мәліметтер

Жартылай өткізгіштер электр тогын өткізу қасиеті бойынша өткізгіштер мен диэлектриктердің аралығында жатады. Жартылай өткізгіштерде еркін электрондардың саны аз болуына байланысты олардың меншікті өткізгіштігі де онша үлкен болмайды, мәселен, қалыпты жағдайда германийдің 1см3 көлемінде атомның саны 1022 болғанымен еркін электрондар саны

Ne=3*1013 1/cm3

Жартылай өткізгіштерге: кремний, германий, селен, сондай-ақ химиялық элементтердің периодтықкестесінің 3-ші және 4-ші қатарының кейбір элементтерінің қоспалары: арсенид-галид, мырыш-кремний, т.б. және кейбір органикалық қоспалар жатады. Жартылай өткізгіштерді қыздырған кезде немесе электромагнитті өріс әсер еткенде атомдардың байланысы үзіліп, валенттік электрондар еркін электрондар болып өзгереді.

Қазақша реферат / 10 бет


Comments closed.