04. января 2012 · Комментарии к записи Электрлік желілер мен тораптар отключены · Categories: Электротехника

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  • Әдістемелік нұсқау

Әуелік және кабельдік желілер
Трансформаторлар және автотрансформаторлар

  • Есептердің шығарылу мысалдары
  • Жеке – дара  тапсырмалар

Әдебиеттер
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Берілген әдістемелік нұсқау «Электрэнергетика» курсыны «Электр тораптары мен жүйелері» бөліміне құрастыралған және типтік оқу бағдарламасы бойынша жазылған.      Бұл пән жоғары оқу орындарының  бакалаврлары үшін міндетті түрдегі пән болып табылады, 050718 – Электрэнергетика мамандығы  бойынша оқылатын және оқу жоспарына профильді пән ретінде енгізілген. Пән мақсаты – есептеу теория саласында және электрлік жүйе мен торап режимдерін талдауында білімнің қалыптасуын, оларды жобалағанда және пайдаланған кезде үнемділікті, сенімділікті, сонымен қатар электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Пәннің негізгі міндеті – орынбасу схемаларын құрастыруды, электрлік тораптар мен жүйелердің режимдерін есептеуді және олардың параметрлерін анықтауды; олардың үнемділігін, сенімділігін және электрэнергия сапасын арттырудың әдістерін; электрэнергияны тұтынушы мен таратуды, берілген өндіріс үрдісінің физикалық құбылысының мәнімен танысуды; электр беріліс желісі элементтерінің құрылысымен танысуды үйрету болып табылады.

Әдістемелік нұсқауда әрбір тақырыпқа сәйкес теориядан қысқаша мағлұматтрар, есепті шығару мысалдары және жеке дара тапсырмалар келтірілген. Сонымен қатар қосымшада қажетті анықтаманың мәліметтер келтірілген.

Реферат / 17 бет


Comments closed.