25. декабря 2011 · Комментарии к записи Жер кадастрінің теориялық негіздері отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Мазмұны:
Кіріспе

1. Жер кадастрінің теориялық негіздері
1.1 Жер кадастрі туралы түсінік
1.2. Қазақстан Республикасындағы Жер реформасы
1.3 Қазақстан Республикасында жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы

2. Жер кадастры
2.1. Жер кадастрының құрамдық бөліктері,түрлері
2.2 Жер кадастрының принциптері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кеңес Одағынан кейінгі кезеңде, яғни Қазақстан егемендігінің 10 жылдығынан кейін шаруа (фермер) қожалықтарының жер иеленуі ауыл шаруашылығына арналған жерлердің үштен бірін алды (2002 ж). Көптеген шаруалар демократиялық жолмен экономикалық бостандық алды. Мыңдаған адамдар өз қалауымен миллиондаған гектар жерлерде шаруашылықтарын жүргізуде. Бұл — елдің әлеуметтік өмірі, экономикасы мен саясатындағы өте маңызды құбылыс.

Қазақстан — ірі мемлекет, оның табиғи және экономикалық жағдайлары әртүрлі. Сондықтан шаруа қожалықтарының дамуы да әркелкі қалыптасады. Кей жерлерде олар көптеп шоғырланса, енді бір жерлерде сирек орналасқан, көлем жағынан да әртүрлі, әртүрлі мамандандырылған, және т.б. Бүкіл Қазақстан 5 географиялық аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс.

«Жер туралы» заңға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі құрамдық бөліктерден тұрады – жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау және жер учаскелерімен мәміле жасау. Бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңда түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметгі жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуі өткізеді. Оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді.

 Реферат / 21 бет


Comments closed.