27. декабря 2011 · Комментарии к записи Ұңғымаларды тұз−қышқылды өңдеу отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Мұнай және газ ұңғымаларының өнімділігі, айдау ұңғымаларының жұтушылық қабілеті негізінде мұнай тұтқырлығы мен өнімді қабаттың өткізгіштігіне байланысты. Ұңғыма жұмыс жасап тұрған жерде қабаттың өткізгіштігі қаншалықты жақсы болса, оның өнімділігі мен қабылдағаштығы соншалықты көп болады. Ұңғымаларды бұрғылау және эксплуатация жұмыстары кезінде әр түрлі себептер әсерінен уақыт өте келе қабат жынысының алғашқы өткізгіштігі әлсіреуі (нашарлауы) мүмкін. Бұрғылау жұмыстары кезінде өнімді қабатты ашқанда ұңғыманың түптік аумағы қабат жынысының өткізгіштігін азайтатын құмды ерітіндімен толып, соның әсерінен мұнай және газ ағыны азаяды.

Ұңғыма эксплуатациясы кезінде түптік аумақ жынысының өткізгіштігі ондағы тесіктер мен жарықшақтардың құмды бөлшектермен, парафиндердің және смолалардың жиналуымен бітеліп, азаюы мүмкін.

Айдау ұңғымаларында түптік аумақтың өткізгіштігі жыныстаңы тесіктер мен жарықтардың айдау сұйықтығы құрамындағы механикалық қоспалармен бітелуінен азаяды.

Ұңғымаларды қышқылды

реферат / 7 бет


Comments closed.