Инновациялық экономиканы қалып­тастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасыр­дағы дамуының баламасыз нұсқасы бо­лып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осы­ны талап етеді, әлемдік дамудың не­гізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қа­был­дауда. Алайда, мойындау керек, ин­новация біздің экономикамыз үшін нө­мірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап ет­кен деңгейге көтеріле қойған жоқ.

Ал шын мәнінде елдің технологиялық инно­ва­цияларға қабілеті осы заманғы қоғам­ның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетинг­пен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұты­нумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.

 Реферат / 11 бет


You must be logged in to leave a reply.