Кіріспе

Қазіргі бәсекелес нарықтық жағдайда барлық екінші деңгейлі банктер үшін несиенің маңызы зор. Себебі, несие – ірі пайда көзі болып табылады.

Несие — қайтару, мерзімі және ақылы шарттарының негізінде банк пен қарыз алушы арасындағы қатынасты біріктіретін үлкен ұғым. Несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем балансының тапшылығын жабуға және қорланудың қосымша көзіне айналды.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері несиелік операцияларды «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметті реттеу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырады.

Банктер үшін капиталды ұлғайту өте қажет. Ал бұл қажеттілікті іске асырудың табысты жолы – заңды немесе жеке тұлғаларға жоғары қарқынды сапалы несие беру болып табылады. Банктер депозитке салынған немесе тартылған қаржылардың үстіне пайыз мөлшерлемесін қосып, халыққа ұсынады, сатады. Осындай несиелік процес негізінде олар пайда көреді.

Несие ақша айналымының жылдамдығына, төлем айналымына, ақша массасының көлемі мен құрылымына қарқынды әсер етеді. Несиенің арқасында банктер табыс капитализациясының процесі жылдам жүреді.

Несиені қажет жағдайда немесе сол сәтте ақша жетпейтін сатылымды сатып алу үшін ыңғайлы. Несиенің белгілі бір мақсатқа байланысты шарты өзгеріп отырады: қарызгерге қойылатын талаптар, пайыздық мөлшерлеме және несиені төлеу мерзімдері, келісім-шарттың басқа да шарттары.

Несиенің әр түрлі белгілері бар: банкаралық несие, лизингтік несие, тұтыну несиесі, ипотекалық несие, мемлекеттік несие.

Берілген курстық жұмыста мен тұтыну мақсатына берілетін несиелерді қарастырдым.

Тұтыну несиесі – қарыз алушылардың кез-келген қажеттіліктеріне берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұтынушыларға тауарларды сатып алуға қолдау көрсету болып табылады. Тұтыну несиесінің артықшылығы – мұндай несиені кез-келген тұтынушылық қажеттіліктер үшін алуға болады. Тұтыну несиесін алу үшін қойылатын талаптар әр банктің өзінің көзқарасы бойынша болады. Тұтыну несиесі – жеке тұлғаларды несиелеудің мақсатты формасы.

Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің дамуы, талдауы және оның мәселелері бүгінгі таңда маңызды және кең көлемді тақырып балып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерімен ұсынылатын тұтыну несиесінің жалпы түсінігі мен дамуын, ерекшелігін, дағдарыс жағдайына байланысты мәселелерін және оларды шешу жолдарын, Ұлттық Банкпен жүргізілген талдауын сипаттау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. халыққа тұтыну несиесін ұсынуды жалпылама сипаттау;

2. тұтыну несиесін ұсыну бойынша операциялар есебін көрсету;

3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің тұтыну несиесі бойынша тәжірибесін қарастыру ( АҚ «Kaspi bank» мысалында);

  1. Қазақстанда тұтыну несиесінің дамуы және мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

You must be logged in to leave a reply.