МАЗМҰНЫ

1. Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу
2. Тауарлы- материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу және оларды құжаттау
3. Тауарлы- материалдық қорлардың бухгалтериясының есебі
4. Дайын өнім және алынған тауарлардың есебі
5. Тауарлы- материалдық қорларды түгелдеу және қайта бағалау

1. Өндіріс процесінде қажетті бірден-бір жағдай жұмысшылардың еңбек құралы мен еңбек затын қолдана отырып, жаңа өнім, дайын өнім шығару болып табылады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін көптеген еңбек заттары, қосалқы қорлар қажет.

Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорлардың есебі 7 “Тауарлы –материалдық қорлардың есебі” Бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес жүргiзiледi.

Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық қорларды есепке алу үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттер бар:

¨     материалдық құндылықтардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;

¨     материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша операцияларды толық және уақытында құжаттау;

¨     көліктік дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтары мен өзіндік құнын уақытында анықтау;

¨     ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық құндылықтарды тауып сату;

¨     сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс барысындағы қызметтік ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілер- дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар. Мысалы, ұн, ағаш. Көмекші материалдар өндіретін өнімнің өзіндік құнына кіргенмен, бірақ негізгі материалдар сияқты оның заттық негізін құрамайды. Мысалы, сыр, желім, лак.

 Реферат / 8 бет


You must be logged in to leave a reply.