30. декабря 2011 · Комментарии к записи Құрылыстағы дайын өнімнің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
б) Қожа Ахмет Яссауидың «Ақыл кітабы»
III Қорытынды

Туылмай тұрып қайда едік? Өлген осң қайда барамыз? Болмыс қалай бар болған? Болмысты бар еткен жаратушы бар ма осы? Бар болса, Жаратушы мен болмыс арасында нендей байланыстар бар? Жаратқан Құдірет болмысты жаратқан соң қайда кетті? Әлде тастап кетті ме? Әйтпесе әрдайым бақылап отыр ма? Зат дегеніміз не? Материалды емес нәрселердің мәні не? Идеялар, ойлар қайдан шығады? Сезім, сүю, күю, ашулану, жек көру, кешіру, кек алу бұлардың барлығы қайдан келеді? Міне бұлар адам баласын мазалап келген мәселелер. Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу кейбір ақылдылардың машығына айналған. Олар өздерінен бұрынғы ойшылдардың айтқандарын електен өткізіп, Көкірек көзін ашып, жауап іздей бастайды. Міне фәлсәфаның да, сопылықтың да шығу себебі мен бастауы осылай қалыптасқан. Болмыс туралы мәліметті кітабы бар діндердің бірінен алып, ілімдеріңізді санаңызға ұялатып, жаныңыз жай табуы ықтимал. Әрине иманға келген соң сіз үшін сұрақ қою, жауап іздеудің керегі де болмауы мүмкін. Жаратқан иемізді, абсолюттік болмысты ғарыштың бір жерлерінде, періштелермен жайғасқан өте қуатты көру, сезу, есту қабілетіне ие ежелден бері бар болған, ешқашан жоқ болмайтын, барлық құпияларды білетін бұл фәниге оқтын-оқтын  елші- пайғамбарлар жіберіп, адамзат үшін қағидалы заңдар жүйесін ұсынған періштелері арқылы адамзат баласын қадағалайтын бір періштелер арқылы адамзат баласын тәңір ретінде ұғып, осы иманыңызбен жаныңыз жай табуы мүмкін. Бірақ біреулердің дұрыс түсініп түсінбеуіне де ренжуге болмайды. Өйткені, ұлы жаратушы ойлау қабілетін әр түрлі жаратқан. Жоғары ойлау қабілетіне, санасына ие адамдар пайғамбарлардың келген жолдарына қайран қалыап, оларға қызығушылықпен қарайды. Өздерінің кім екендіктерін білгілері келеді. Терең ойға батып, қиялдарға беріледі. Идеялардың түп негізіне жетіп, ойлаудың да шарасынан асып, ақылдың тұтастығына ұмтылады. Осы жолда ілім дамытып, зерттеп, біз біле бермейтін ақиқаттарға ұласып, ерендердің қатарына қосылады. Міне, сопылық деп осыны айтады.

 Реферат / 10 бет


Comments closed.