МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

І ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ АҒАШ ШЕБЕРЛІГІ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ
1.2 АҒАШТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

ІІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
2.1 ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
2.2 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
2.3 ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
2.4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Ағаш — құрылыс материалы ретінде ежелден қолданылып келеді. Оның механикалық жағынан жеткілікті дәрежеде өте  мықты, жылу өткізгіштігі  төмен, салмағы ауыр емес, өңделуі оңай, қышқылдар, тұз, май және басқалар әсеріне химиялық  тұрғыдан төзімді т. б. көптеген бағалы қасиеттерге ие болады.

Пайдалану жағдайы бірқалыпты болғанда ағаштан жасалған конструкциялар көп жыл сақталады. Кижадағы ағаш шіркеу, Ленинградтағы Адмиралтейства және басқалары осы кезге дейін сақталған.

Ағаш — өнеркәсіп құрылыстарының барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыстар салуда қолданылады. Одан ағаш үйлерді, еденді, оның ішінде паркет едендер, кенереліктер, еден тақтайларының арасына қағылған жұқа тақтайшалар (галтели), әсем кемкермелер (наличники), терезе және есік блоктары, қосалқы қабырғалар мен тамбурлар және басқаларын дайындауға болады. Тұрғын, қоғамдық және селолық өнеркәсіп үйлерінде, сонымен қатар химиялық агрессивті ортада кәсіпорындар салу кезінде пайдалануға қолайлы ағаш желімді конструкциялар қолдану мықты дамып келеді. Желімді конструкциялар қолдану-кеспелтек ағаш, қорап, қақпақтар тағы басқалары сияқты ағаш шеберлігі элементтерін жасау да желімдеу әдісі үшін ағаш қалдықтарын пайдалану мүмкіндігін тудырады.

Ағаш шеберлігі — құрылысы детальдары мен бұйымдарын жартылай автоматты және автоматты линияларды қолдана отырып, тасқынды тәсіл арқылы ағаш өңдеу кәсіпорындарында дайындайды. Фрезерлі детальдар, паркет еденнің элементтері құрылыс алаңына дайын күйінде әкелінеді. Терезе және есік блоктары қақпақтары ілініп, фрамугасы мен полотнолары бар, сырланған және шынысы салынған күйінде құрылысқа әкелінеді де, оймалар орнын толтыру біршама қарапайымдалынады,  өйткені дайын терезе және есік, блоктарын орнатумен шектеледі. Ағаш талшықтары мен ағаш жаңқалары тақталарын жасауға қолданылатын технологиялық жаңқаға қайта өңдеу үшін ағаш қалдықтарын барынша тиімді пайдалану әдісіне үлкен маңыз беріледі. Бұл плиталар құрылыста еденге төсеу үшін қалқанды конструкциялы және басқа да есіктер дайындау үшін қаптама материал ретінде қолданылады.

Күрделі құрылыс саласындағы негізгі міндеттер ақша қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру: құрылыс өнеркәсібін одан әрі индустрияландыру, сөйтіп завод дайындаған элементтен тұрғызудың біртұтас процесіне айналады; құрылыс және монтаж жұмыстарын, әсіресе, жұмыс істеуші кәсіпорынды қайта құру жағдайында комплексті механикаландыруды қамтамасыз ететін машиналар мен механизмдер жүйесін, прогрессивті технологияны енгізу, құрылыс өнеркәсібі мен жоба-смета ісінде ұйымдастыру жұмысын жетілдіру болып табылады.

Құрылыста еңбек өнімділігін 16…17 процент арттыру көзделіп отыр.

Ағаш ұстасын даярлау орта кәсіптік-техникалық училищелерде, сонымен қатар тікелей кәсіпорындарда жүргізіледі.

Бұл қойылған мәселелерді шешуде кәсіптік-техникалық оқу орындарында білікті жұмысшылар даярлауды одан әрі жетілдіруге ерекше маңыз беріледі.

 Реферат / 15 бет


You must be logged in to leave a reply.