Жоспар

  1.    Қаржылық   есеп  беру  түсінігі
  2.     Қаржылық  есеп  берудің  классификациясы
  3.      Стандарттар  және  қаржылық  есеп  беруді  дайындау  ережелері
  4.    Қаржылық  есептің  тұжырымдамалық  негіздері
  5.   Қаржылық  есеп  берудің  элементтері
  6.     Батыс кәсіпорындарының  есеп  циклі
  7.    Қазақстан  кәсіпорындарының  есептік  цикл

Қаржылық есеп беру — өткен кезең бойынша жұмыс нәтижесін және талаптарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістер және қызметтер, қаржылық жағдайы туралы ақпаратты беру.

Бірақ бухгалтерлік есеп беру пайдаланушыларға толық ақпаратты бере алмайды, өйткені қаржылық нәтижелер өткен кезең бойынша беріледі. Бірақ бұл ақпараттан қомпания келешекте қызмет көрсету үшін мерзімді бюджеттерді құра алады.

Бухгалтерлік баланс – белгілі бір күнге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін жылдық есеп берудің негізгі нысаны.

Шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесі туралы есеп беру —  белгілі бір кезең бойынша табысты құру туралы немесе кетіру туралы қызмет ақпаратын жүзеге асырады.

Ақша қаражаты туралы есеп беру – компанияға барлық түскен ақша қаражаттарын сомалып және олардың қайта пайдаланатыны туралы. Бұл есеп беру жақында ғана пайда болды, өйткені 30 жыл аралығында шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесі туралы есеп беру кезінде тек қана кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгеруін көрсетеді.

Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру – есеп кезең аралығында компанияның өзгерістері көрсетіледі, осында әр акционердің капитал  туралы ақпарат беріледі.

Түсініктеме хатында келесі ақпаратты ашу қажет:

  1. актвитермен иелік құқықтарын шектелуі;
  2. міндеттемелер арқылы берілген кепіл;
  3. актвитер және міндеттемелер;
  4. зейнетақыны қамтамасыз ету кестесі;
  5. келешек ұзақ мерзімде инвестициларды қаржылыандыру үшін арналған құралдар.

реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.