28. декабря 2011 · Комментарии к записи Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда  болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жан ұяның) талабына сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды.

Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну” принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның элементтері біздің қоғамымызда микро және макро деңгейде кездеседі. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады. Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы шаруашылықты құруға бағытталған автаркия саясаты мысал бола алады.Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан шектетіп, экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.

Реферат / 7 бет


Comments closed.