Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Нутч-фильтр туралы жалпы мәлімет.
2. Нутч-фильтр конструкциясы және жұмыс принциптері.
3. Технологиялық процессті орындауға арналған қондырғының қажетті санын негіздеу.
4. Негізгі аппаратты таңдау
5. Қосалқы аппаратты таңдау
6. Аппараттың конструктивті материалдарын таңдау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

     Фильтрлеу дегеніміз суспензияның қатты фазасын ұстап, сұйық фазасын өткізетін борпылдақ қалқалар арқылы суспензияны айыру процесі, ал тұнбадан бөлінген сұйықтық фильтрат деп аталады.

Құрамы сұйықтан және оның өлшенген бөлшектерінен тұратын суспензияны айыру фильтр көмегімен қарапайым фильтрлеуші қалқалармен екіге бөлінген ыдыста жүзеге асады. Суспензияны ыдысты бір бөлігіне оның фильтрлеуші қалқасымен жанасатындай етіп орналастырады. Ыдыстың бөлінген жақтарына әртүрлі қысымдармен әсер етеді, нәтижесінде филтьреуші қалқа тесіктерінен өткен сұйықтықтың қатты бөлшектері оның бетінде қалады. Нәтижесінде суспензия таза фильтратқа және ылғалды тұнбаға бөлінеді. Суспензияны мұндай әдіспен бөлу тұнба түзілумен жүретін фильтрлеу деп аталады. Кейде қатты бөлшектер беткейде қалмай, тұнба түзілмей қалуы мүмкін. Бұл процесс тесіктердің бітелуімен жүретін фильтрлеу деп аталады.

Фильтрлерді жіктеуде қолданылынатын негізгі сипаттама болып оның әсерінің кезеңділігі немесе үздіксіздігі, осыған сәйкес фильтрлер кезеңді және үздіксіз әсерлі деп бөлінеді. Тұнба түзу мақсатында фильтрлеу процесінің екеуі де пайдаланылады. Тесіктердің бітелумен жүретін фильтрлеу процесі барысында кезеңді әсерлі фильтр қолданылады. Аз қуатты өндірісте өндірілетін өнімнің жоғары ассортиментінде кезеңді әсерлі фильтр қолданылса, көп қуатты және үздіксіз технологиялық процесті өндірісте үздіксіз әсерлі фильтрлер қолданылады. Фильтрлеуші жабдықтардың қысым әсерінің әртүртілігіне байланысты фильтрлер вакуум астында жұмыс жасайтын және қысым астында жұмыс жасайтын фильтрлер деп жіктелінеді.

Фильтраттың қозғалысы мен ауырлық күшінің бағытына қарай фильтрлеу жіктеледі. Бұл жіктеліс фильтрлеу процесін жүргізуде және суспензияның қатты бөлшектерін ауырлық күші әсерімен тұндыру кезіндегі тұндыру процесінің барысында фильтр жұмысына оптимальды жағдай тудыруға негізделген.

Фильтрлеу гидромеханикалық процесстерге жатады, оның жылдамдығы фильтрлеуші бөгеттердің 2 жағында тудыратын қысымдар айырмасына тура пропорционал және кедергіге кері пропорционал.

Фильтрлеуші бөгеттердің екі жағындағы қысымдар айырмасы компрессорлар, вакуум-насостар және сұйықтық насостар көмегімен тудырады.

Фильтрлеу  процесінің маңызы химиялық өндірістің және оған жақын өнеркәсіп тарауларының масштабының өсуімен жоғарлайды. Бұл мынаны түсіндіреді, суспензияны бөлу процесі жиі қиыншылық тудырады, оған себепші тұнбаның үлкен кедергісі және сәйкесінше фильтрлеудің аз жылдамдығы. Және де фильтрлеуші қондырғының  берілген өнімділігіне жету үшін нақты конструкцияның үлкен фильтрлер саны қажет. Сондықтан фильтрлеуші қондырғылардың пішінін үлкейтуге және фильтрлеу процесін интенсификациялау тенденциясы пайда болды.

 Реферат / 20 бет


You must be logged in to leave a reply.