Мазмұны
1. Резюме
2. Жобаны ұсынушы туралы мәліметтер
3. Жобаның сипаттамасы
4. Жобаны басқару және и жоспарланған персонал.
5. Жобаны іске асырудың құқықтық және нормативтік базасы.
6. Маркетинг
7. Өндірістік бөлім
8. Қаржылық бөлім

Бизнес-жоспар автосервистің өндірістік инфраструктурасын құру бойынша шығындарды несиелеуге арналған заемдық қаражаттарды тарту мақсатында авто көліктерге кешенді қызмет көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігін негіздеуге арналған.

Жоспарланған өнімдердің тізілімі :

— автосервистің қызмет көрсетулері: жөндеу, бояу және кузовтық жұмыстар, дөңгелектің геометриясы, авто көліктің агрегаттық, қозғалтқыштық және электрондық бөліктерін жөндеу, көлік жуу және тағы басқалары;

—  авто бөлшектерді сату.

Өндірістің технологиясы – қызмет көрсету орталығы  Италия, Германия, Бельгия, Франция, Қытай фирмаларымен өндірілген автосервистік құрылғылармен жабдықталады.

Бөлшектермен жабдықтаушы – авто бөлшектерді сатып алу  және  олармен  жабдықтауды жалға алу құқығы негізінде автосервистің аумағында орналасқан компанияның партнеры іске асырады.

Қызмет көрсетудің  жоспарланған көлемі  айына ақшалай түрде:

— автосервистің қызмет көрсетулері — $252016.

Автосервистік өнімдерді өткізу нарығы – көзделген аймақ шеңбері Алматы қаласы, Алматы және  Талды-Қорған облыстары .

Сервис-орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша жобаның жалпы құны — $4.000.000,00, заемдық қаражаттар болып табылады.

Фирма персоналы — қалыптасу кезеңінде. Жалпы жоспарланған саны  — 70 адам.

Заемдық қаражаттардың өтелу мерзімі — 50 ай.

Капитал өсімі (NPV) несиелік кезең үшін рентабельділіктің жоспарланған нормасы 25% кезінде — $2071000.

  Реферат / 16 бет


You must be logged in to leave a reply.