Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.

Өндірістік емес бағытка — жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бяғыты бойынша — жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс;

ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

1. Активтерді қай уақытта тану қажет?

2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі?

3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?

4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?

16 «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стан-дартына сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануга болады егер төмендегі шарттар орындалса:

—  берілген   активтен   банк   келешекте   экономикалық   пайда алады деген ықтималдық бар болса;

активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде оліпенуі мүмкін.

Банктердегі негізгі құралдар мен…

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

• бастапқы;

• ағымдағы;

• баланстық;

• өтімділік.

Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.

Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны — бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе


You must be logged in to leave a reply.