Жоспар
I. Кіріспе…..3
1. Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшеліктері.
1.1.Мемлекеттік басқару ұғымы, қоғамдың жүйедегі басқару салалары және олардың өз ара ықпалы….4
1.2. Мемлекетті басқарудың тәсілдері…..6
2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешімдердің маңыздылығы.
2.1. Басқарудағы шешімдердің маңызы және олардың мәні…7
2.2. Мемлекеттік шешімнің түрлері мен нысандары…….8
3. Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер.
3.1. Басқарудағы экономикалық әдістер…….11
3.2. Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдаумен жүзеге асыру технологиясы……15
II.Қорытынды………16
III. Пайдаланған әдебиеттер…..17

Кіріспе

Басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Басқару алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша — жоғарғы, орташа және төменгі буындар: кәсіптік құрылымы бойынша — инженерлер, қызмет түрі бойынша — ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша — әкімшілік, экономикалық. білімі бойынша — жоғары және арнайы орта білімді адамдар, практиктер орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігі  бойынша.

Басшыларды қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы қызметшілер (қызмет көрсетушілер, техникалық қызметшілер) болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегі қызметшілердің бұл әрбір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлықтан қайтадан өтуіне қарай сипатталады.

Басшылар — бұлар тиісті ұжымға басшылық етушілер, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.

Шаруашылық жүйесінің басшыларына алуан түрлі, бірін бірі толықтыратын қызметтерді (әкімшілік, ұйымдастырушылық, мамандық, қоғамдык қызмет, тәрбиеші) орындауына тура келеді.

Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып, қолданылып жүрген нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі кызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақтайды, кадрларды іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.

Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сытеп, іс-әрекеттерін үйлестіреді.

Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда — мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жузеге асырылу барысын жан-жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктерімен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.