Жоспар

  1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
  2. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
  3. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну бағаларының индексі;

Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс

Дәріс мәнмәтіні

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

инфляция мен инфляция қарсы саясат;

экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

экономикалық дамудың циклдары;

ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

 Реферат / 8 бет


You must be logged in to leave a reply.