Мазмұны

Кіріспе 1

Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі құралдар (қорлар) балансы көрсеткіштерінің орны 2
Осы әдістемеде қолданылатын ұғымдар 3
Ақпараттың дереккөздері 4
Негізгі құралдар балансын құрастыру 5
Есепті деректер бойынша негізгі
құралдар балансын құрастыру 5
Негізгі құралдар балансын санап шығу 8

Қосымшалар 12

Кіріспе

Негізгі құралдар (қорлар) елдің ұлттық байлығының басты және ең серпінді бөлігін, оның өндірістік әлеуетінің материалдық-техникалық негізін құрайды. Негізгі құралдарды (қорларды) бағалау экономиканың даму перспективаларын, қажетті құрылымдық ілгерілеулерді іске асырудың мүмкіндіктерін зерттеу, халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылату, ұлттық шаруашылықты жалпыәлемдікке қосу үшін табиға база болып табылады.

Әдістеме Қазақстан Республикасы статистика органдарының ұлттық байлықтың элементтерін халық шаруашылығы балансының жүйесінде есептеуден, олардың ұлттық шоттар жүйесінде есептеуге өтуіне байланысты әзірленген.

ТМД елдерінің халық шаруашылығы балансының (ХШБ) шеңберінде негізгі қорлар балансын құрастыру тәжірибесі және тиісті есептеулер өткізуге арналған әдістемесі болды.

Халықаралық стандарттарға көшу негізгі құралдардың (қорлардың) баланс көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын маңызды түзетуді, активтердің қозғалысын және есептердің ақпараттық базасын талап етеді. Бірақ есептеулер ТМД статистикасы үшін дәстүрлі орындауға негізделуі тиіс, ал балансты әзірлеу үшін негізгі ақпараттық база статистикалық және бухгалтерлік есептіліктің жүйесі болып табылады.

Ұлттық шоттар жүйесінде негізгі құралдардың (қорлардың) балансы көрсеткіштерінің орны

1993 жылғы ҰШЖ Халықаралық стандарты активтер бойынша статистикалық ақпараттар жүйесін маңызды жетілдіру шеңберінде  негізгі капиталды (негізгі құралдарды) ұдайы өндіру көрсеткіштеріне, олардың жекелеген секторларда, сонымен қатар елдің барлық экономикасында, қалыптастырылуын сипаттауға маңызды назар аударады.

Негізгі капитал активтерінің қолда бары көрсеткіштерінің капиталы бар операциялар (ағымның көрсеткіштерімен) көрсеткіштерімен өзара байланысы 1 – сызбада көрсетілген.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.