Қоғамның басты өндіргіш күші — адамдар. Қандай кәсіпорында болмасын, өндіргіш нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет.
Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Кез келген еңбек ұжымы адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әр қайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Олардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін еңбекті дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

    Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру деп әрбір ұжым мүшесінің еңбегін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде жетілдіріп отыруды, еңбек өнімділігінің жогары нәтижесіне жетуді айтады. Бұл ұғым өндіріс құралдарының неғұрлым ұтымды пайдалануын, озық технологияны пайдалана отырып жұмыс істеу мен демалуды өзара үйлестіріп отыруды талап етеді.
Енбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде жинақты, үйлесімді, нәтижелі және мархабатты түрдегі жүйеге келтірілуі керек.
Ғылыми негіздегі жүйе деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналган шаралардың ғылыми талаптарға сәйкс болуын айтады.
Жинақты деген ұғым деген еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді.
Үйлесімді түрде еңбек ұйымдастырудың әр осы ұжымнын нақтылы жағдайларында, әр ғылыми талаптармен озық тәжірибе үлгісіне сәйкестендірілген түрі жатады.
Нәтижелі деп еңбек ұйымднстыруды жетілдіруге байлаиысты еңбек өнімділігімен  өндіріс тиімділігінің артуын айтады.
Мархабатты түрде еңбек ұйымдастырылуы еңбек адамдарына жэйлі жағдай жасалып, олардың жұмыс істеп жүрген жерлеріндегі психофизиологиялық санитарлық және эстетикалық жағдайлардын қолайлы болуын талап етеді.
Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру үш түрлі мақсатқа жету үшін қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік мақсаттар.
Экономикалық мақсатқа еңбек ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру арқылы адам күшін үнемдей отырып еңбектің өнімділігін, нәтижелігін қамтамасыз ету және өндіріс  құралдарын  ұтымды  пайдалану кіреді.
Психофизиологиялық мақсатқа жұмыс орында адамдарға ең қолайлы жағдай тудыру арқылы олардын жұмысты жақсы істеумен бірге, денсаулықтарын және жұмыс қабілеттілігін сақтауды көздейді.
Әлеуметтік мақсатқа адамдарды жауапкершілікке, бірлестікке ынтымаққа және тәртіптілікке тәрбиелеу жатады.
Осы айтылған мақсаттарға жету оңай емес. Ол үшін әрбір басшы немесе маман өз ұжымында мына шараларды іске асырып отыруы қажет:
—    жұмысты   бөліп   беру,   жұмысқа   жұмылдыру,   еңбек   ұжымдарын ұйымдастыру;
—    жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, тәртібін бақылау;
—    жұмыстың     орындалуын     жетілдіріп     отыру,     ол    үшін     озат тәжірибелерді пайдалану;
—    кадр іріктеу, әркімге өзіне лайық жұмыс тапсыру, олардың білімін көтеруіне қамқорлық  жасау;
— адамдардың жұмыс істеу, демалу ережесін ойластырып, қолайлы түрін қолдану;
—    еңбекті  мөлшерлеу, адамдардың еңбекке ынталы  болатын  жолын тауып қолдану;
—    еңбек тәртібін сақтауды қамтамассыз ету.

Реферат / 20 бет


You must be logged in to leave a reply.