26. декабря 2011 · Комментарии к записи Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Жоспар:

1. Кiрiспе
2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

   Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:

1)     республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;

2)     қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;

3)     басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және “революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму “нәтижесi” болып табылады.

Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

 реферат / 16 бет


Comments closed.