Жоспары:

Кіріспе……..3

1 Тәуекел мәні, мазмұны және функциялары…….4
1.1 Тәуекел ұғымының пайда болу тарихы…..4
1.2 Тәуекел мәні және функциялары …….5
1.3 Тәуекел және белгісіздік…….7
2 Тәуекел түрлері мен тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар мен оны талдаудың схемасы……8
2.1 Тәуекелге ықпал ету әдістерінің жалпы сипаттамасы……9
2.2 Тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар…..13
2.3 Тәуекелді талдаудың схемасы …….14

Қорытынды……..16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……..17

Кіріспе

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында коммерциялық ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың,коммерциялық банктердің,фирмалардың) жүргізуші принципі – пауда табуға ұмтылу болып саналады.Ол шығындарға ұшыраумен шектеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде тәуекел ұғымы пайда болады.

Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез келген экономиканың міндетті элементі болып табылады.  Тәуекелдің жүзеге асуыэкономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады,яғни бұл обьективті экономикалық заң. Бұл заңның тіршілігі, кез келген құбылыстың, сонымен қатар шаруашылық үдерістің аяқталуымен  ескертілген. Әр бір құбылыс өз шегін, бітуін біледі. Шексіздік тек қана математикада қолданылады. Ал обьективті құбылыстарда барлығы, яғни барлық элементтер шектелген.

Материалды, еңбек, қаржылық, ақпараттық және басқа ресурстардың шектілігі (бітуі,аяқталуы) ақиқатта дефициттін пайда болуын туғызады және шаруашылық үдерістің элементі ретіндегі тәуекелді қалыптастырады.

Тәуекел белгілі бір оқиғамен байланысты белгісіздікті білдіреді. Кәсіпкер тәуекелдерді минимализациялау үшін кез келген іс әрекеттерді қолданғанымен тәуекелдер әрдайым болдаы. Сондықтан да кәсіпкерлік қызмет үшін басты мәселе – тәуекелдерден сақ болу емес, оларды алдын алу мен минималды деңгейге дейін төмендету болып табылады.

Экономикалық сферада адамдар тәуекелдермен перманентті түрде кездес де, тек қана тәуекелдер теориясын білу жеткіліксіз. Қазіргі күнге дейін тәуекелдің нақты түсініктемесі жоқ. Бұл осы құбылыстың көпқырлығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар тәуекел дегеніміз – көптеген сәйкестіксіздермен, кей кездері қарама қайшылықтар негіздері бар күрделі құбылыс. Яғни бұл тәуекелдің әр түрлі көзқарсатар мен анықтамаларға ие екендігін көрсетеді.

Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.

Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.

Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.

Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.

Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».

  Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.