Мазмұны
Кіріспе

1. Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны
2. Көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.
3. Факторлық талдау әдісі.
4. Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның  өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы ең алдымен анализ жасауды микродеңгейде қалыптастырады, яғни жеке кәсіпорындардың және олардың ішкі бөлімшелерінің деңгейінде. Осы микродеңгейде нарықтық экономиканың негізі құралады. Макроэкономикалық талдау микроэкономика мен барынша жақындаса өрілуде және оны талдаудың жалғасы болуда. Уақыт өте анализ жасау микродеңгейден макродеңгейге өтеді. Микродеңгейде анализ нақты мәндерге толы. Ол кәсіпорынның күнделікті шаруашылық-қаржылық қызыметімен байланысты. Оның бизнес-жоспарын түсіндіру мен талдау; қолданылып жатқан маркетингтік шараларды белгілі бір уақыт ішінде қалай орындалып, қандай нәтиже бергенін талдау; өнім өндіру мен оны өткізуге әсер ететін ішкі және жалпы экономикалық жағдайларды анықтау; ұсыныс пен сұраныс қатынасын талдау; кәсіпорын қызыметінің соңғы қаржылық нәтижелерін (шығын мен пайданы) талдау; демографиялық, мәдени, экологиялық, құрылымды-ұйымдастырушылық және басқа да факторлар әсер ететін коммерциялық нарықты талдау.

 Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.