28. декабря 2011 · Комментарии к записи Бухгалтердің мінез-құлқы және этикалық ережелері отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Этика – бұл өнегелілік, адамгершілік, ар-намыс туралы ілім. Адамгершілік түсінігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша айтсақ, этика дұрыс және дұрыс емес мінез құлықты анықтайтын принциптермен байланысты. Этикалық мінез-құлық және қабылданған этикалық принциптер, қоғам, ұйым немесе жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін өзіне қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтарына байланысты.

Бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі бұл мамандықты мәртебелі, жақсы төлемді және творчестволы етіп отыр. Инвесторлар, кредиторлар, жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса алғанда, басқа да ақпаратты пайдаланушылар, есепке және түрлі кәсіпкерлік мәселелер бойынша есеп беру мен салық салу жөніндегі ақпараттарға тәуелді. Мұндай қызмет көрсету кезінде маманданған бухгалтерлердің мінез-құлқы түгелімен елдің және қоғамның экономикалық тиімділігіне мүмкіндік туғызады.

 Реферат / 8 бет


Comments closed.