04. января 2012 · Комментарии к записи Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ…………2

I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ……5
II БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ…..6

ҚОРЫТЫНДЫ……..11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..12

КІРІСПЕ

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар — вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары — банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады.

1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.

2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтаңдыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.). Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.

3. Жеке инвесторлар — жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері. Шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпті. Статистика деректері дәлелдегендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындар табысты қызмет көрсетіп, өздерінің болашағы бар екендігін дәлелдеді. Мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын шағын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кәсіпорындар экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануда (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдер, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықтың бірсыпыра тобы тәуекелге белбуып, жоғары дивидендтерден үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.

4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады.  Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:

o заңды тұлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктілік талабы. Бұл  талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;

o  бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс — бұл оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;

o қаржылық талап — бұл кәсіби қатысушының өзіндік капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капитал — бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал — заңды тұлғаның құрылтайшыларды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу деңгейін белгілейді.

Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермен және т.б. байланысты туындаған проблемаларын өзі шешеді.

 Реферат / 12 бет


Comments closed.