04. января 2012 · Комментарии к записи Аудитті құжаттау отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 АУДИТТІ ҚҰЖАТТАУ
1.1 Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны
2 ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2.1 Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойлатын негізгі талаптар.
2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
3 ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫН ТОЛТЫРУ
4 ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
5 АУДИТОР ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Өзіндік жұмыс тақырыбының өзектілігі құжаттау, құжаттардың мақсаты, мазмұны, нысаны және осы құжаттарға қойылатын негігі талаптары, аудиторлық қызметінің сапасын бақылау болып табылады.

230 «Құжаттау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті» делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты- аудитордың аудитті нормативтік- құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

—         олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;

—         олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

—         оларда аудиторлық қорытындыны растауш процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады

Өзіндік жұмыстың мақсаты: Жұмыс құжаттарының нысанын, мазмұнын, мақсатын, осы жұмыс құжаттарын толтыруын, пайдалануын білу, аудиторлық қызмет сапасына бақылау жасау болып табылады.

Өзіндік жұмыстың міндеттері:

-Құжаттау және аудиттің сапасын бақылаудың теориялық сұрақтарына жауап беру;

-Жұмыс құжаттарын толтыруы, пайдалануы және олардың мазмұны мен рәсімдеу бойынша негігі талаптары.

Өзіндік жұмыс бес бөлімнен тұрады «Аудитті құжаттау», «Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар», «Жұмыс құжаттарын толтыру», Жұмыс құжаттарын пайдалану» және Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау»

 Реферат / 14 бет


Comments closed.