Жоспар

Кіріспе

1.   Ақшаның мәні мен пайда болуы

2.   Ақшаның атқаратын қызметтері

3.   Ақшаның түрлері

4.   Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез — келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір — бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм — ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Ақша — жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: » Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген «.

Менің курстық жұмысымның  тақырыбы: » Ақшаның мәні мен пайда болуы». Осы рефератты жазу барысында мен ақшаның шығу тарихын, әсіресе Қазақстан ақшасының қалыптасу тарихын көп қарастырдым. Әрине қазіргі нарық экономикасы жүйесі саласында теңгенің тұрақтандыру мәселесін шешуге ат салысқым келді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жалпы ақша түсінігіне, инфляцияға шолу жасап нақты қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгенің нарықтағы рөлін зерттеу.


You must be logged in to leave a reply.