Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Анри Файольдың басқару теориясына қосқан негізгі үлесі
2. Жалпы функциялар және П.Д.Павленоктың жалпы функцияларға жасаған талдауы
3. Нақты функциялар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтік басқару – бұл әлеуметтік процестерді  реттеуге бағытталған әлеуметтік институттар мен ұйымдардың жүйелі қызметі. Қоғамды әлеуметтік басқару  бір-бірімен тығыз байланысты  идеологиялық, саяси және экономикалық концепциялар, әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарды ескере отырып жүзеге асады.

Әлеуметтік басқару мен оның жүйешіктерінің прогрессивті қамтамасыз етуін, қоғамның әлеуметтік даму критерилері мен көрсеткіштерін  анықтау негізінде  жоспарланған  шараларға  жету этаптары мен  құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтік басқарудың тиімділігі қоғамның барлық әлеуметтік топтарының еркі мен қызығушылығына тәуелді. Әлеуметтік басқарудың маңызды мәселесіне  тәртіпке сай келетін қажеттіліктер мен мотивтердің, әлеуметтік құндылықтар приоритетін  қалыптастыру арқылы барлық қоғам  мүшелерінің белсенді әлеуметтік – жағымды қызметін ынталандыру жатады.

Әлеуметтік басқару көпдеңгейлі құрылым. Жоғары деңгейдегі әлеуметтік бақару  әлеуметтік саясатты (қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары) анықтайды. Жергілікті деңгейдегі үкімет аймақтық өзін-өзі басқару функциясын атқарады.

Қоғамның  прогрессивті дамуына қажетті мақсаттар мен құралдар ғылыми, бұдан басқа  әлеуметтік-психологиялық білімнің негізінде анықталады. Демократияға бағытталған әлеуметтік басқару тұлғаны әлеуметтік қорғауға, оның негізгі құқықтарын жүзеге асыруға, оптималды өмір жағдайымен қамтамасыздандыруға тиісті.

Әлеуметтік басқару әлеуметтік ұйымдар  жүйесімен жүзеге асады. Оған мақсатты  әлеуметтік функционалдық қалыптасулар жатады:саяси, құқықтық,  шаруашылық, өнеркәсіп, қорғаныс, мәдени, білім және т.б.

Әлеуметтік басқару — әлеуметтік даму бағдарламаларын жүзеге асыратын қоғамдық механизм, ол әлеуметтік проблемаларды шешу үшін  адекватты құралдарды іздестіреді.

Басқару функциясы – бұл  қандай болмасын объектіні басқаруда қолданылатын әртүрлі түрдегі жұмыс түрлері. Басқару функциясы жетістікке жеткен фактілі нәтижелерді жоспарланған критерийлерге сәйкестендіру,  бұл ұйымды жоспарланған даму параметрлерінде  ұстап тұратын процесс.

Әлеуметтік жұмыста  «басқару» құрылым элементтерінің бірі болып табылады. Рефератымның негізгі мақсаты:  әлеуметтік басқарудың  негізгі функцияларын анықтау және  әдебиеттерді талдау. Жұмыстың міндеті:

—         әлеуметтік  жұмысты басқару функцияларына  анықтама беру;

—         басқару функцияларының түрін анықтау;

—         Функциялардың түрлеріне талдау жасау.

Объектісі: ӘЖ-ғы  басқару функциялары.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.