Жоспар:
Кіріспе
1. Валюта бағамы түсінігі
1.1. Валюта бағамы мәні, оның түрлері.
1.2. Валюталық интервенция
1.3 . Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
2. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс
2.1. Өзгермелі айырбас бағамы
2.2. Жиынтық сұраныс
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы — оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын. Теңге алғаш айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді. Кейіннен теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні бір доллар 4,75 теңге болып бекітілген.  Тоқтала кететін мәселе, осы кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып табылды. Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды.

Әуелгіде ұлттық валютаға беделді бабаларымыздың тұлғасын беру қазақтың кім болғандығын айғақтап тұратын ерекшелік ретінде жасалған шара секілді көрінуші еді. Ал Ұлттық банктің соңғы шешімінен тек батысқа еліктеушілікті байқауға болатын тәрізді. «Жалпы отарланған ұлттардың үлкен бір арманы – Тәуелсіздік алып, өзінің ұлттық валютасы болып, өзі дербес ел ретінде сол ұлттық валютасымен ішкі де, сыртқы да қатынастарды дамыту. Қазақ халқы да теңгесінен айрылған бір кездері теңгені қайта жаңартуды армандап, оған 1993 жылдың қарашасында қол жеткізілді.

Ұзақ мерзімді перспиктивадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағамын жиі-жиі әрі ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003 — 2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған елдерден жаңа жоғары технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жетілдірудің маңызы зор.

 Реферат / 15 бет


You must be logged in to leave a reply.