04. января 2012 · Комментарии к записи Ағымдағы активтердің есебі — кассадағы ақша қаражаты отключены · Categories: Экономика, Банк ісі, Аудит, Өндіріс

Жоспар:

1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі…..1-8
2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі……9-12
3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі……..13-18

Қолданылған әдебиеттер…….19

1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

Мекемелердің кассаларына қолма-қол есеп айырысулар арқылы тауарларды сату, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердыің үлкен сомалары күнде түседі және жиналады.

Салт ақшаларды қабылдап алу, сақтау және беру, кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 195 бұйрығына ( 2007 жылғы 03 сәуірдегі № 103 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне туралы) сәйкес Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жауапкершілігі мекеме басшысы, бас бухгалтер және кассирге жүктеледі. Бұл тәртіпті сақтау жауапкершілігі мекеме басшысы, бас бухгалтер және кассирге жүктеледі (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Ол касса операцияларын жүргізу тәртбімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субьекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген түлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО қоса берілетін құжатта руқсат ету туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емөс.

 Реферат / 22 бет


Comments closed.