Жоспар:

І. Кіріспе.
1. Табиғи қорлар және өндіріс.
2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану.

ІІ. Негізгі бөлім.
3. Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы.
4. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар.
5. Қорықтар.
6. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері

ІІІ. Қорытынды.
7. Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау – озық қоғамның алғышарты

                     Табиғи қорлар және өндіріс.

Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен  қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

          1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары – Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы – Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің  төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.

 Реферат / 14 бет


You must be logged in to leave a reply.