Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1 .«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері шығарылымдарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау
2. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны аумағының экологиялық жағдайы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

    «Амангелді» газ кен орны Жамбыл облысының шөлді, ауа-райының жазы — ыстық, қысы — қара суық, суы тапшы Мойынқұм ауданының құмды аумағында орналасқан. Мойынқұм құмдарына шекаралас Талас және Сарысу аудандары аумағында фосфор кен орындарын игеру, оның шикізаттарын өндіру жұмыстары қоршаған ортаға зиянды әсер етуде, оған қоса «Амангелді» газ кен орындарында бұрғылау, көмірсутегі шикізаттарын өндіру, жинақтау, дайындау, өңдеу және тасымалдаудың техно-логиялық үрдістерінің экологиялық қауіптілігі арта түсуде. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістерінің қоршаған ортаны ластануына басқа технологиялық нысандармен салыстырғанда алаулы шырақ қондырғысынан шығарылатын зиянды заттардың әсер етуі өте жоғары деңгейде.

Қазіргі кезеңде өткір мәселелердің бірі, жердің деградацияға ұшырауы немесе қуаң далаға айналуы, табиғат құбылыстары мен адам тіршілігінің бірлескен әсерінен болатын үрдіс.

Диссертациялық жұмыста «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері жер аумағындағы техногенді шығарылымдардың қоршаған ортаға, әсіресе алаулы шырақ қондырғысы шығарылым құрамындағы зиянды заттармен ластануын теориялық негіздеумен, тәжірибелік өлшемдермен және есептеулермен сан-сапалы талдау жасалынып, экологиялық жақсарту шаралары белгіленген.

     Қазақстанның табиғи ортасындағы жер қойнауынан әртүрлі минералды ресурстарды игеріп іске асыру барысындағы жергілікті аймақтың экологиялық дағдарыстарын болдырмауға, қазіргі кезеңдегі заман талаптарына сай жаңа көзқараспен табиғат қорларын тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздігін сараптамалап қамтамасыз ету, ең негізгісі әрбір адам баласына экологиялық сананы қалыптастыру.

«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнында ұңғымаларды бұрғылау мен барлау жұмыстары газ және газ конденсаттары кен орындарын игеру, көмірсутегі шикізаттарын өндіру, өңдеу, тасымалдау және пайдалану жұмыстары барысында жүздеген гектар жер аумағы, ауа кеңістігі, су қорлары технологиялық үрдістердің шығарылымдары құрамындағы қатты, сұйық және газ түріндегі зиянды заттармен ластануы жылдан жылға өсуде.

Газ өндірістерін жедел дамыту мақсатында, 2003 жылдан бастап 17 ұңғыма пайдалануға беріліп газ, газ конденсатын өндіру көлемі жылдан жылға артуымен келешекте Шу-Сарысу ойпаты аумағындағы Айрақты, Анабай, Жарқұм, Кемпіртөбе, Батыс Үшарал және Солтүстік Үшарал газ, газ конденсатты, инертті көмірсутегі кенорындарын игеру жоспарланған.

Көмірсутегі кен орындарын игеру, оның құрамында Жамбыл облысы бойынша «Амангелді» кенорнынан өнім алуды дамыту, сонымен қатар жаңа Айрақты, Анабай, Жарқұм, Үшарал-Кемпіртөбе кенорындарын игеріп табиғи газ, инертті көмірсутегілерін өндіру көзделіп отыр.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.