Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Жердегі су қоры
2. Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
3. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс – шаралар
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

          Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат – гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады.

Судың қасиеттері. Биосферадағы маңызды процестерге әсерін анықтайтын судың өзіне тән қасиеттері:

  1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал суі әртүрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетіне ие болатын бірден – бір ресурс.
  2. Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемнің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемінің кемуі тән.
  3. Ең жоғарғы тығыздығы +4°с – да байқалады. Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттер осыған байланысты болады. Мысылы, су қоймаларының терең қатуының болмауы.
  4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
  5. Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар) бірден бу тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс сублимация деп аталады.
  6. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
  7. Дисперсті ортада, мысалы, ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйге өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері өте күшті өзгереді. (қозғалғыштығы, тығыздығы, қату не булану температурасы, беттік керілуі және т.б. Бұлардың табиғи және биологиялық жүйелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор.
  8. Әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық процестерге, тірі ағзалар мен олардың мекен ету орталарына орасан зор әсер етеді.

Су – атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез процесінде) бірден – бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады.

Адам ағзасындағы судың үлесі 60% — ге жуық, бірақ жекелеген мүшелер мен ұлпаларда ол 1% — 96% — ға дейін ауытқиды.

Заттар, ұлплар

Дене немесе ұлпа салмағына қатысты судың  %

Ағзада 60%
Соның ішінде ұлпаларда  
Май 20%
Сүйек 25%
Бауыр 70%
Бұлшық ет 75%
Қан 79%
Ми 85%
Лимфа 95%

 

Реферат / 15 бет

 


You must be logged in to leave a reply.