01. января 2012 · Комментарии к записи Қазақстан жастарының дінді құрметтеуі. Қазақстандағы жаңа діни ағымдар және жастардың оған қатынасы отключены · Categories: Дінтану

Жоспар:

• Кіріспе
• Қазақстандағы діни жағдай
• Қазақстандағы діни ағымдар
• Жастар әлеуметтік-демографиялық топ есебінде
• Қазақ жастарының дінге көсқарасы
• Қорытынды
• Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстаннның тәуелсіздікке ие болуы және оның құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде дамуы аясында  діни сенім бостандығының саяси-құқықтық негіздері қалыптасты.  Қазақстан Республикасында дәстүрлі діндер − ислам  және православие өз қызметін белсенді жүргізе бастады. Сонымен бірге басым көпшілігі батыстан келген дәстүрлі емес діни ұйымдар да Қазақстан аумағында өздерінің діни ілімдерін кеңінен тарату және бекіту жолында белсенді қызмет жүргізе бастады. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың қызметіне баға беру өте күрделі. Дегенмен, әлемдік тәжірибе бойынша көптеген елдерде дәстүрлі емес діни ұйымдардың тіркелуіне уақытша шектеулер енгізіліп отырғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар дәстүрлі емес діни ұйымдардың бірқатары өздері орналасқан елдің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін қызметі үшін мемлекеттік органдардың да, қауымдастықтың да тарапынан қатты сынға алынып отырғандығы, тіпті тыйым салынатыны белгілі. Мысалы, сайентология және Иегово Куәгерлері  атаулы ұйымдардың қызметі үнемі сынға алынып, оларға тыйым салынады. Бұл  бейқамдық танытуға болмайтын жайт. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮ-ші сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі  мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі» . Бізге жаһанданудың басты түрткілерінің бірі  аксиологиялық, яғни өткен кезең құндылықтарын түбегейлі қайта қарау екендігін ескермеуге болмайды. Көбінесе бұл тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың, бірінші кезекте,жастар санасының ауытқуына,  халқымыздың мәдени құндылықтарынан қол үзуіне әкеліп соғады.

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиялық және басқа да жұмыстарының нысанына жастар алынатындығы жиі кездесетін жағдай. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктерге ие. Көпшілік өмірдің рухани негіздерін іздеу, өмір сүрудің мән-мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді.«Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына дендеп енбей жатып діндарлықтың сәнге айналғанын көріп отырмыз. Адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды. Сондықтан жастарға ерекше назар аудару қажет»,  — деп Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтып өтті.

 Реферат / 16 бет


Comments closed.