КІРІСПЕ

Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар

Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ислам   діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII  ғасырында  арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады.

Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің   әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп   уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына    тиімді болмады.

Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.

Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті   феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай  алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

реферат / 11 бет


You must be logged in to leave a reply.