27. декабря 2011 · Комментарии к записи Ваз 2107 автомобилін тартымдылыққа есептеу отключены · Categories: Биология, анатомия, валеология

МАЗМҰНЫ
1 Кіріспе…… 4
2 Тақырыптың негізгі теориялық қойылымдары…..5
3 Автомобильдің тарту есебі….…….16
4 Қорытынды ……. .36
5 Пайдаланған әдебиеттер тізімі……….37
6 Қосымша………38

КІРІСПЕ

Тарту есебінің мәселесі болып берілген қолдану жағдайларында автомобильдің керекті тарту-жылдамдық қасиеттері мен отын үнемділігін қамтамасыз ететін қозғалтқыш пен трансмиссияның сипаттамаларын анықтау табылады.

Тарту есебі жаңа автмобиль жобалағанда немесе шығарылып отырған автомобильді жаңарытқанда жүргізіледі. Тарту есебі үшін берілетін бастапқы мәліметтер техникалық тапсырмада анықталады, ал оның негізінде эскиздік және техникалық жобалар орындалады.

Техникалық тапсырмада автомобильдің қажеттігі, қолдану жағдайлары, техникалық сипаттамалары, сапалық көрсеткіштері, жаңа автмобиль жобалаудың немесе шығаралып отырған автомобильдің жаңартылуының техникалық экономикалық негізделінуі көрсетіледі.

Тарту есебін жүргізу үшін техникалық тапсырмада мыналар беріледі: автомобильдің түрі, оның қажеттігі, қолдану жағдайлары, жүк көтергіштігі немесе жолаушылар сыйымдылығы,ең үлкен жылдамдық, ең үлкен өтетін қыр, қозғалтқыш түрі, трансмиссия түрі, доңғалақтық формула. Кей кездерде техникалық тапсырмада автомобильде қолдануға керек қозғалтқыш көрсетіледі.Бұл жағдайда тапсырмада ең үлкен жылдамдық берілмейді.

Техникалық тапсырма негізінде конструктор шығарылып отырған қажеттігі жақындау автомобильдердің техникалық сипаттамаларын талдап, олардың келешекте дамуын бағалап, тарту есебін жүргізу үшін тағы керекті сипаттамалар таңдап алады. Мұндай сипаттамаларға мыналар жатады: салмақтық және өлшемдік параметрлер, шина өлшемдері, трансмиссияның ПӘК, ауа кедергісінің коэффиценті.

 Реферат / 38 бет


Comments closed.