Жоспар:

1.Кіріспе бөлім:
• Жалпы пневмония белгілері
• Пневмонияның түрлері
2.Негізгі бөлім:
• Бала пневмониясы
• Бала пневмониясының жіктелуі, өту ағымы ерекшеліктері
• Ересек адамдағы пневмония көрінісі
• Ересек адамдағы пневмониясының жіктелуі, өту ағымы
3.Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер.

Пнемония – себебі негізінен бактериялық инфекция болатын, өкпенің респираторлық бөлшектерін зақымдап, альвеола ішінде экссудация, қабыну клеткаларынынң инфильтрациясы падйа болатын, паренхимаға экссудат сіңіп, бұрын болмаған, басқа аурулармен байланысты емес жергілікті қабынудың клиникалық-рентгенологиялық белгілері бой көрсететін жедел инфекциялық ауру.

Пневмония ең жиі кездесетін аурулардың бірі ( әр 1000 тұрғын ішінде 3-15 адам ауырады). Ауруханадан тыс пневмонияда өлім 5% жағдайда, нозокомиялық пневмонияда 20% жағдайда кездеседі. Пневмонияның диагнозын қоюда жіберілетін қатенің жиілігі 20%. Алғашқы үш күн ішінде дұрыс диагноз 35% жағдайда қойылады.

Аурулардың Халықаралық классификациясының «Пневмония» деген тарауынан физикалық, химиялық және аллергиялық факторлар себеп болатынн және тамыр зақымдануына байланысты пайда болатын аурулар алынып тасталған. Пневмонияға инфекциялық ауруларда (оба, іш сүзегі, туляремия, қызылша, грипп т.б.) болатын өкпенің зақымдануы да кірмейді.

Этиологиясы және патогенезі. Пневмонияны қазіргі уақытта кездесетін барлық инфекциялық агенттер тудыра алады, бірақ практикада микроорганизмдердің шектелген саны ғана пневмонияның басым қоздырғышы болып табылады.

Әр кез сайын нақтылы түрде аурудың қоздырғышын анықтау қиын болғандықтан, пневмонияны тулыратын агентке бір бағытта баға беру үшін барлық пневмония аурухандан тыс пневмония, аурухана ішілік пневмония, аспирациялық және иммунитет жетіспеушілік пневмония болып бөлінеді.

Инфекция өкпенің респираторлық бөліктеріне бронхогендік, гематогендік (өкпеден тыс орналасқан инфекция ошағынан), лимфогендік (кеуде торы жарақаттанғанда) жолдар арқылы және зақымданған көрші тіндерден (бауыр абцессі) тікелей жұғу арқылы тарайды.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.