27. декабря 2011 · Комментарии к записи Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi отключены · Categories: Биология, анатомия, валеология

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi 4
2 Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру 6
3 Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы 8

Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.

Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.

Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.

 Реферат / 14 бет


Comments closed.